Карантин енгізілгелі елімізде 11 285 тұлға жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге жауапқа тартылды
Марат Шоранов сөзін жалғай отырып, аталған нысандардың ісі сотқа жіберіліп, олардың қызметі тоқтауы туралы мәселе қаралып жатқанын жеткізді. «Осы жылдың 1 қарашасынан бастап 132 нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Олардың арасында 128 нысанда тәртіп бұзылғаны анықталды. Барлығы 329 хаттама толтырылды. 31 материал сотқа жіберілді. Бүгінге дейін 6 нысанның өкілеттігі тоқтатылды. Ал 7 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ведомство өкілі.
--> «Әкімшілік құқықбұзушылық заңының 425-бабы бойынша бүгінге дейін карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін 11 285 тұлға жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге жауапқа тартылды. Ал жеке тұлғалар арасында 6 912 заңбұзушылық анықталды. Басым бөлігі қоғамдық орындарда маска режимін сақтамауынан болып отыр. Әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылғанына қарамастан кейбір нысандар карантиндік тәртіпті бұзуды тоқтатар емес. Қазіргі уақытта карантиндік талаптарды сақтамай отырған 254 нысан бар. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 54 нысан, Шымкентте – 47 нысан, Қостанай облысында – 25 нысан», - деді вице-министр.Марат Шоранов сөзін жалғай отырып, аталған нысандардың ісі сотқа жіберіліп, олардың қызметі тоқтауы туралы мәселе қаралып жатқанын жеткізді. «Осы жылдың 1 қарашасынан бастап 132 нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Олардың арасында 128 нысанда тәртіп бұзылғаны анықталды. Барлығы 329 хаттама толтырылды. 31 материал сотқа жіберілді. Бүгінге дейін 6 нысанның өкілеттігі тоқтатылды. Ал 7 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ведомство өкілі.