Триатлон паркте жеке жүгіруден жарыс өтті
Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей. Яғни 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіріп өтті. Таңғы сағат 07:00-де 50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты бастаса, қалған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген уақыт бойынша жүгіріп өтті. Жарысқа 300-ге жуық қатысушы тіркеліп, қатысушылардың арасы кем дегенде 30 секундты қамтыды. Айта кетсек, жеке жүгіру жарысында топ боп жүгіруге тыйым салынған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 28-30 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон федерациясының (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон федерациясы" ҚБ, "Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы” ҚБ, “Қазақстан велосипед спорты федерациясы” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.
-->Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей. Яғни 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіріп өтті. Таңғы сағат 07:00-де 50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты бастаса, қалған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген уақыт бойынша жүгіріп өтті. Жарысқа 300-ге жуық қатысушы тіркеліп, қатысушылардың арасы кем дегенде 30 секундты қамтыды. Айта кетсек, жеке жүгіру жарысында топ боп жүгіруге тыйым салынған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 28-30 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон федерациясының (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон федерациясы" ҚБ, "Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы” ҚБ, “Қазақстан велосипед спорты федерациясы” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.