Елорда жаңалықтары

Таеквондодан Азия чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

Құрлықтық күнтізбеге сәйкес, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі 2021 жылы 26-27 наурызда Амманда өтеді. Оның артынан 28 наурызда Иордания астанасында Токио Паралимпиада ойындарының іріктеуі өтеді деп жоспарланған. Ал 2021 жылдың 21-23 сәуір аралығында Ливан астанасы  Бейрутта WT таэквондодан Азия чемпионаты өтеді деп жоспарлануда. Пуамса және паратаэквондо бойынша құрлықтық чемпионаттар сәйкесінше 19 және 20 сәуірге белгіленген. WT Президентінің кубогы - Азия аймағы 2021 жылы 17-22 маусымда Палестинада өтеді. WT Asia Халықаралық жарыстардың күнтізбесі Дүниежүзілік таэквондо федерациясы Азия елдерінде G1 және G2 санаттарының ашық чемпионаттарын бекітуіне байланысты жаңартылатынын атап өтті.

-->