Елорда жаңалықтары

Білім беру ұйымдарында жаңажылдық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді - Қадырова

«Қазіргі таңда көптеген ата-аналарды "Білім беру ұйымдарында жаңа жылға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді?" деген сұрақ мазалайтынын білемін. Жаңа жыл - бұл жай ғана мереке емес, бұл әр бала үшін ғажайыптың белгісі іспеттес. Жаңа жыл қарсаңында білім беру ұйымдарында бұрын шыршалар безендіріліп, әдемі киімдерсіз және тәтті сыйлықтарсыз өткізілмейтін. Алайда, карантиндік шектеу шараларына байланысты білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге жол берілмейді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда әрбір топта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ата-аналардың қатысуынсыз «Қош келдің, Жаңа жыл» тақырыбында мерекелік сабақтар өткізілуде. Жаңажылдық сабақтарды өткізу үшін топтар тақырыпқа сәйкес безендірілген. Әр топқа шырша мен ертегі кейіпкерлері орнатылды. Мерекелік сабақтардың сценарийіне сәйкес әр бала мерекелік киіммен қатысады», - деді Ш.Қадырова.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан мектеп оқушыларына жаңажылдық сыйлықтарды табыстау бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

 Алтын Салық

--> «Қазіргі таңда көптеген ата-аналарды "Білім беру ұйымдарында жаңа жылға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді?" деген сұрақ мазалайтынын білемін. Жаңа жыл - бұл жай ғана мереке емес, бұл әр бала үшін ғажайыптың белгісі іспеттес. Жаңа жыл қарсаңында білім беру ұйымдарында бұрын шыршалар безендіріліп, әдемі киімдерсіз және тәтті сыйлықтарсыз өткізілмейтін. Алайда, карантиндік шектеу шараларына байланысты білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге жол берілмейді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда әрбір топта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ата-аналардың қатысуынсыз «Қош келдің, Жаңа жыл» тақырыбында мерекелік сабақтар өткізілуде. Жаңажылдық сабақтарды өткізу үшін топтар тақырыпқа сәйкес безендірілген. Әр топқа шырша мен ертегі кейіпкерлері орнатылды. Мерекелік сабақтардың сценарийіне сәйкес әр бала мерекелік киіммен қатысады», - деді Ш.Қадырова.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан мектеп оқушыларына жаңажылдық сыйлықтарды табыстау бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

 Алтын Салық