Елорда жаңалықтары

III тоқсанда бітіруші сыныптар кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды

«11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5-сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуларын жалғастырады. Бұған қоса, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды. Оффлайн өтетін сабақ кестесіне: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70%-ын құрайды. Сондай-ақ пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады. Атап өтетін болсам: информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады. Ал вариативті компоненттің пәндері кестеге сәйкес асинхронды түрде жүргізіледі. Айта кетейін, қаламызда 9-сыныпта 13 215 оқушы оқыса, 7 567 бала 11 сыныпта оқиды. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан», - деді Білім басқармасының басшысы. --> «11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5-сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуларын жалғастырады. Бұған қоса, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды. Оффлайн өтетін сабақ кестесіне: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70%-ын құрайды. Сондай-ақ пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады. Атап өтетін болсам: информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады. Ал вариативті компоненттің пәндері кестеге сәйкес асинхронды түрде жүргізіледі. Айта кетейін, қаламызда 9-сыныпта 13 215 оқушы оқыса, 7 567 бала 11 сыныпта оқиды. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан», - деді Білім басқармасының басшысы.