Шолпан Қадырова: «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді
«Өздеріңіз білетіндей, екінші тоқсан қашықтан және кезекші сыныптар режимінде өтті. Білім беру ұйымдарында оқу жоспарының барлық пәндері бойынша бағдарламалық материал толық орындалды. Қаланың барлық мектептерінде 1-5-сыныптар аралығында 3 246 кезекші сыныптар ашылып, онда 46 мыңнан астам оқушы білім алды. 3-15 желтоқсан аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілді (1 БЖБ), ал 21-29 желтоқсан аралығында тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілуде (1 ТЖБ). Екінші тоқсанда білім беру ұйымдары синхронды және асинхронды сабақтарды өткізу үшін отандық OnlineMektep және DarynOnline интернет-платформаларын пайдаланды. Сонымен қатар, екінші тоқсанда «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді, онда білім берудің барлық деңгейлері бойынша 5 295 авторлық бейнесабақтар жүктелді. Платформаға келушілердің өсуі байқалады, қаралым саны 10 миллионнан асады», - деді Ш.Қадырова.
Алтын Салық
--> «Өздеріңіз білетіндей, екінші тоқсан қашықтан және кезекші сыныптар режимінде өтті. Білім беру ұйымдарында оқу жоспарының барлық пәндері бойынша бағдарламалық материал толық орындалды. Қаланың барлық мектептерінде 1-5-сыныптар аралығында 3 246 кезекші сыныптар ашылып, онда 46 мыңнан астам оқушы білім алды. 3-15 желтоқсан аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілді (1 БЖБ), ал 21-29 желтоқсан аралығында тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілуде (1 ТЖБ). Екінші тоқсанда білім беру ұйымдары синхронды және асинхронды сабақтарды өткізу үшін отандық OnlineMektep және DarynOnline интернет-платформаларын пайдаланды. Сонымен қатар, екінші тоқсанда «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді, онда білім берудің барлық деңгейлері бойынша 5 295 авторлық бейнесабақтар жүктелді. Платформаға келушілердің өсуі байқалады, қаралым саны 10 миллионнан асады», - деді Ш.Қадырова.Алтын Салық