Елорда жаңалықтары

Теннистен "Australian Open" турнирінің негізгі кезеңіне қазақстандық 7 спортшы қатысады

Аустралияның ашық чемпионаты Мельбурн қаласында өтеді. Аталған доданың іріктеу кезеңі алдағы жылдың Катар астанасы Доха қаласында - жігіттер, Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында қыздар арасында өтеді деп жоспарланған. Халықаралық турнирдің негізгі кезеңінде жігіттер арасында жекелей сында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин ел намысын қорғайды. Ал жұптық сайыста Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге ойын көрсетеді. Қазақстандық Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Ал қыздарда Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова сынды қазақстандық теннисшілер жарысқа қатысады.

-->