Елорда жаңалықтары

Қазақстанда мұнай газының бағасы көтерілмейді

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады.

Энергетика министрлігі шекті бағаны Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша тоқсан сайын бекітеді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Энергетика министрінің 15.12.2020 ж. N 446 бұйрығымен 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған шекті көтерме баға бекітілді.

ҚР Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» бұйрығы заңға сәйкес әзірленді.

Шекті бағаны белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларымен регламенттелген (ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығымен бекітілген).

Осы Қағидаларға сәйкес 2021 жылғы 1-тоқсанға арналған шекті баға 2020 жылғы төртінші тоқсандағыдай – ҚҚС-ты есепке алмағанда, 38 701,67 тг/т құрады.

-->