Көлгінов: 2021 жылы тағы 5 колледжді замануи құралдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз
«Жастар алғашқы білім мен тәжірибені мектеп қабырғасында алса, кәсіби білімді колледждер мен университеттерде алады. Бұл жерде бастысы оларға теориялық қана білім емес, практикалық білім беру керек. Колледж басшыларымен білім жүйесіндегі ағымдағы мәселелерді, ғимараттарды ретке келтіру, материалдық-техникалық жабдықтау, тегін оқуға гранттар саны, түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастық және тағы басқа сұрақтарды талқыладық», — дейді әкім. Қала әкімі ең алдымен гранттар саны талқыланғанын айрықша атап өтті. «Білімнің қолжетімді болғаны маңызды. Биылғы оқу жылы 21 колледжде оқу үшін 4600 астам грант бөлінді. Екінші. Теория + тәжірибе. Дуальді оқытуға назар аудару қажет. Бұл жастардың теориялық білімді бірден практикада (өндіріс орнында) бекітіп алуы. Олар қажетті кәсіби білім алып қана қоймай, кейін жұмысқа да орналаса алады. Қазір оқытудың бұл әдісі 260-тан астам кәсіпорынның қатысуымен 29 колледжде енгізілген. Кәсіпорын қатысушыларын кеңейту бойынша бұл бағытта жұмысты жалғастыру керек», — деп жазады Алтай Көлгінов. Ол өз сөзінде үшінші кезекте мекемелерді жөндеу және қосымша жабдықтау мәселесі қаралғанын жеткізді. Айтуынша «Жас маман» республикалық жобасы аясында 3 колледж жаңғыртылған екен. «IT, сервис және қызмет көрсету, тұрғын ұй-тұрмыстық, коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша кадрлар даярлау үшін Құзырет орталықтары құрылды. 2021 жылы тағы 5 колледжді замануи құралдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Одан әрі де қолдау көрсетеміз. Ел басшылығы білім саласына ерекше көңіл бөледі: оқу үшін жағдайлар жасалады, педагогтерге қолдау көрсетіледі. Жастар күнделікті еңбекпен және біліммен ғана жетістікке жетуге болатынын түсінуі тиіс! Еңбек нарығында білікті кадрлар сұранысқа ие!» — деп қала басшысы ойын қорытындылады.
-->«Жастар алғашқы білім мен тәжірибені мектеп қабырғасында алса, кәсіби білімді колледждер мен университеттерде алады. Бұл жерде бастысы оларға теориялық қана білім емес, практикалық білім беру керек. Колледж басшыларымен білім жүйесіндегі ағымдағы мәселелерді, ғимараттарды ретке келтіру, материалдық-техникалық жабдықтау, тегін оқуға гранттар саны, түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ынтымақтастық және тағы басқа сұрақтарды талқыладық», — дейді әкім. Қала әкімі ең алдымен гранттар саны талқыланғанын айрықша атап өтті. «Білімнің қолжетімді болғаны маңызды. Биылғы оқу жылы 21 колледжде оқу үшін 4600 астам грант бөлінді. Екінші. Теория + тәжірибе. Дуальді оқытуға назар аудару қажет. Бұл жастардың теориялық білімді бірден практикада (өндіріс орнында) бекітіп алуы. Олар қажетті кәсіби білім алып қана қоймай, кейін жұмысқа да орналаса алады. Қазір оқытудың бұл әдісі 260-тан астам кәсіпорынның қатысуымен 29 колледжде енгізілген. Кәсіпорын қатысушыларын кеңейту бойынша бұл бағытта жұмысты жалғастыру керек», — деп жазады Алтай Көлгінов. Ол өз сөзінде үшінші кезекте мекемелерді жөндеу және қосымша жабдықтау мәселесі қаралғанын жеткізді. Айтуынша «Жас маман» республикалық жобасы аясында 3 колледж жаңғыртылған екен. «IT, сервис және қызмет көрсету, тұрғын ұй-тұрмыстық, коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша кадрлар даярлау үшін Құзырет орталықтары құрылды. 2021 жылы тағы 5 колледжді замануи құралдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Одан әрі де қолдау көрсетеміз. Ел басшылығы білім саласына ерекше көңіл бөледі: оқу үшін жағдайлар жасалады, педагогтерге қолдау көрсетіледі. Жастар күнделікті еңбекпен және біліммен ғана жетістікке жетуге болатынын түсінуі тиіс! Еңбек нарығында білікті кадрлар сұранысқа ие!» — деп қала басшысы ойын қорытындылады.