Елорда жаңалықтары

Елордада Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Елордамызда Бауыржан Момышұлының туған күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қорғаныс министрлігі, Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Республикалық "Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері салтанатты митинг өткізіп, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен келешек ұрпақты тәрбиелеу жолында қалдырған шығармашылық туындылары халқымыздың құнды жәдігерлері екендігін айтып өтті. "Біздің ұрпақ Бауыржан Момышұлының 1941 жылдың күзінде Москва үшін болған шайқастардың шешуші күндерінде бірнеше рет жау тылында қоршауда қалып, аз шығынмен дұшпанға қайта-қайта ойсырата соққы беріп, соғыс тактикасының жаңа үлгісін - "Бауыржан спиралін" ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Бұл ұрыстардың нәтижесінде жау күші Волокаламск тасжолының бойында бірнеше күн шабуылының қарқыны бәсеңдеп, біздің әскердің күш жинап, қорғанысты нығайтуына себеп болды. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерлігі - басқыншылардың жеңімпаз әскерін соғуға және күйретуге болатынын барша әлемге паш етті! Соны мойындатушылардың бірегей тұлғасы - біздің Бауыржан Момышұлы", - деді ҚР Парламентінің депутаты Абай Тасболатов.

-->