ТЖБ қорытындысының талдауын қағазға шығарудың керегі жоқ – Аймағамбетов
«Тапсырылатын құжаттар тізімі бекітіліп, осы тізім бойынша жұмыс жүргізілуде. Егер бұл талап бұзылса, заңды тұлға болсын, әріптестеріміз болсын оларға тиісті шара қолданылады. Бұл тұрғыда қысқа уақыт ішінде бізге елу мектептің басшысына шара қолдануға тура келді. Жалпы, тоқсан соңында ТЖБ қорытындысының талдауын бұрынғыдай қағазға шығарудың керегі жоқ. Әрине, барлық мектептерде қағазбастылықты түбірімен жойдық деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл мәселе – бұрынғы кезбен салыстырғанда жер мен көктей. Алайда елімізде 7 400 мектеп болса, сол мектептердің кейбірінен «ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, осындай мәселелер шығып тұрады. Егер белгілі бір білім ошағына қатысты шағым болса, бізге хабарласуларыңызды сұраймыз. Сол бойынша тексеріс жүргізіп, тиісті шешім қабылдаймыз», - деді министр.
-->