Елорда жаңалықтары

Мемлекет басшысы және қала әкімі атынан елордалық балаларға жаңажылдық сыйлықтар тапсырылды

Жаңа жылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып салтанатты түрде табыстайды. «Биыл Президент атынан жаңажылдық мереке «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» ұранымен өтеді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық шыршалар алынып тасталды, сондықтан әр балаға ҚР Президентінің атынан арнайы жеткізу ұйымдастырылды. Осы жылы біз 200 балаға сыйлық тапсырамыз, олардың ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және мүгедек балалар бар. Сыйлық ретінде балалар Мемлекет басшысының атынан тәттілер, дамытатын ойыншықтар, құттықтау ашықхаты, кітаптар, сондай-ақ Orchestra дүкенінен киім сатып алу үшін 100 мың теңге сомасына сертификат алады», — деді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова. 25 желтоқсанда М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайынан қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жеткізетін жаңажылдық автобус іске қосылады. «Қала әкімнің атынан 450 балаға сыйлық беріледі. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, дарынды балалар бар. Олар сондай-ақ тәтті сыйлықтар, дамытатын ойыншықтар және orchestra дүкендерінен 50 мың теңгеге сертификат беріледі», — деп атап өтті Римма Иманғазинова. Ведомство өкілінің айтуынша, қала әкімінің атынан берілетін сыйлықтарға бір балаға 60 мың теңге, ал Мемлекет басшысының атынан берілетін сыйлықтарға бір балаға шамамен 110-120 мың теңге жұмсалған.

-->