Елорда жаңалықтары

Санкт-Петрбургте «Абай» орталығы ашылды

Бұл – Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттау мақсатындағы шет елдерде «Абай» ақпараттық-мәдени орталықтарын ашу жобасының жалғасы. «Абай» орталығының ашылу салтанатына Ресей Ұлттық кітапханасының директоры Александр Вершинин, Санкт-Петербург және Ленинград облысының «Ата-Мекен «Қазақ ұлттық-мәдени қоғамы» аймақаралық қоғамдық ұйымының президенті Сәрсенғали Құспанов, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева,  Санкт-Петербургтегі қазақстандық диаспораның, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. [caption id="attachment_54692" align="alignnone" width="942"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан диаспорасының өкілдері Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқып, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекзат Смағұлов Абай әндерін орындады. «Осы орталықты ашу аясында Абай шығармаларынан кітап көрмелерін ұйымдастырдық. Оның ішінде ұлы ақынның бірнеше тілге аударылған шығармалары да бар. Атап айтатын болсақ, жақында ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарық көрген «Абай» атты кітаптарды қойдық. Бұл кітаптарда ақынның шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылған болатын. Олар: ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон тілдері. Аударма жинақтарға ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі кірді. Одан бөлек абайтанушылар мен ақынның шығармалары бар кітаптарды көрмеге қойып отырмыз. Ұлы Абай рухы қолдай берсін!» – деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Үмітхан Мұңалбаева. Орталыққа ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» 1,2,3,4 томдары, «Свет и Тень», «Преодоление», «Он делает историю» атты кітаптары берілді. [caption id="attachment_54693" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, дәл осы кітаптар орталыққа келушілердің назарын бірден аударды. Себебі, ҚР Президентінің мемлекет басқарудағы бір жылда атқарған жұмысының қорытындысы, Қазақстанның сыртқы саяси бағытының қалыптасуы мен даму тарихы, әлемдік саясаттану әдебиетіндегі тәуелсіз мемлекетіміздің дипломатиялық қарым-қатынастары жайлы және еІлбасы Н.Назарбаевтың ұлттық көшбасшы ретіндегі ерекше тұлғасы жайлы баяндалады. Ақпараттық-мәдени орталықта Абай шығармалары мен ол туралы басылымдар берілген. Мұнда орталыққа әрбір келуші ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды, оның шығармаларының әлемнің түрлі тілдеріндегі еңбектері мен аудармаларын, белгілі абайтанушылар, филологтар мен жазушылардың зерттеулерін, электрондық және ноталық басылымдарды, Абай шығармаларының жинақтарын таба алады. [caption id="attachment_54688" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Айта кетсек, алғаш жобаны іске асыру биылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, Елші Марат Тәжиннің қолдауымен Чех Республикасының Ұлттық кітапханасында орталық ашылып, одан кейін Словакия, Венгрия және Германия елдерінде Абай оқуларын өткізу бойынша басталған болатын.

-->