Елорда жаңалықтары

Мемлекеттік басқару академиясы Resmi Qaztest форматын енгізді

Бұл үміткерлердің тіл білімін анықтау және конкурстық іріктеу кезінде қолданылды. Жаңа формат әлемдік тәжірбиелер негізінде әзірленген. Тест тапсыратын адам тыңдау, лексика-грамматика, жазу мен сұхбат секілді сынақтардан өтеді. Тестті кез келген уақытта онлайн тапсыруға болады. "Академияда оқытылатын тілдік білім ол кәсіби тілге бағытталған. Кәсіби тіл болғандықтан қолданатын стиліміз ресми-іскерлік стиль шеңберінде, әртүрлі жазылым, көпшілік алдында сөз сөйлеу технологиялары игертіледі. Бүгін сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған технология бір жылда пайда болған өнім емес. Немесе бір жылдық жоба емес. Бұл көп жылдар бойы академияда жинақталған әдістемелік жинақтардың жемісі", - деді мемлекеттік басқару академиясының тіл оқыту кабинетінің меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенова. 

-->