Елорда жаңалықтары

Ақкөл қаласындағы балалар үйіне бүлдіршіндер қалай қабылданады

«Қазір қарамағымызда 90 бала бар. Олар 3-18 жас аралығында. Бізге жетім және ата-анасы құқығынан айырған балалардың өмірі сеніп тапсырылды. Жақын уақытта Сандықтау ауданынан тағы 9 бала келеді деп жоспарланып отыр. Олар үш жастан бастап қабылданады. Ал үш жасқа дейін Щучье қаласындағы бөбектер үйінде тәрбиеленеді. Ата-ана құқығынан айырылғаны туралы сот шешімі шыққан соң облыс әкімдігінің қаулысымен және білім басқармасының шешімімен балалар қабылданады. Олардың бәрі Ақмола облысынан жиналған. Ең өкініштісі, олардың басым бөлігінің әке-шешесін сот ата-ана құқығынан айырған», - деді директор міндетін атқарушы.

Айтуынша ата-аналық құқығынан айырылғандар негізінен жақсы өмір сүруге ұмтылмауынан, тапқан-таянғанын ішімдікке жұмсауынан осындай жағдайға тап болған екен. «Балаларымыз Ақкөл қаласында орналасқан төрт мектепте білім алып жатыр. Олардың кейбірі орыс мектептерінде оқыса, қалған бөлігі қазақ мектебінде білім алып жүр. Балаларды мектепке апарып, алып келетін төрт автобусымыз бар. Ал қазіргі карантиндік тәртіпке байланысты 24 бала кезекші сыныптарда, қалған 66 бала қашықтан білім алып жатыр. Бұған қоса мектепке дейінгі 5 баламыз балабақшаларға барып жүр», - дейді ол. Ақкөл қаласындағы №1 Балалар үйінде түрлі үйірмелер, тілдік курстар бар екені белгілі болды. Мекеме басшысы сөзін жалғай отырып, балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан жасөспірімдерді 18 жастан кейін қандай өмір күтіп тұрғанын былайша жеткізді: «Балалар өздерінің таңдауы бойынша 9-сыныптан кейін немесе 11-сыныпты бітірген соң қалаған мамандықтарына оқуға түседі. Олардың бәріне Үкімет тарапынан тегін гранттар бөлінеді. Сол сияқты жатын орны, киетін киімі, ішер асы, жүріп-тұруына кететін шығындары билік тарапынан өтеледі. Ал оқуын бітірген соң тұрақты жұмысқа орналасуын да қадағалайтын арнайы мекемелер бар», - деді. Айта кетейік, бүгін «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Қарулы Күштерінің ұлттық әскери патриоттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйытқы болуымен Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы №1 Балалар үйінде жаңажылдық іс-шара өткізді.

--> «Қазір қарамағымызда 90 бала бар. Олар 3-18 жас аралығында. Бізге жетім және ата-анасы құқығынан айырған балалардың өмірі сеніп тапсырылды. Жақын уақытта Сандықтау ауданынан тағы 9 бала келеді деп жоспарланып отыр. Олар үш жастан бастап қабылданады. Ал үш жасқа дейін Щучье қаласындағы бөбектер үйінде тәрбиеленеді. Ата-ана құқығынан айырылғаны туралы сот шешімі шыққан соң облыс әкімдігінің қаулысымен және білім басқармасының шешімімен балалар қабылданады. Олардың бәрі Ақмола облысынан жиналған. Ең өкініштісі, олардың басым бөлігінің әке-шешесін сот ата-ана құқығынан айырған», - деді директор міндетін атқарушы.