Бек Эйр әуекомпаниясының жолаушыларына ақшалай қаражатын өндіріп алуға сот орындаушылары көмектеседі
Комитеттің үш талап арызында берілген әуекомпанияға қойылған талаптарын сот қанағаттандырды. Сот тәртібінде 1 525 адамның құқығы қалпына келтірілді, Бек Эйр 93,9 млн теңгені қайтаруға тиіс. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында төртінші талап арыз бар, онда комитет 153 адамның мүддесін білдіреді. Талап арыз сомасы 9,3 млн теңге. Алғашқы екі талап арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енді, Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты атқару парақтарын сот орындаушыларына жіберді. Заңнама талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындауға тек сот орындаушылары ғана құқылы екеніне назар аударамыз. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс. Сондықтан тұтынушылар сот шешімдерін орындау бойынша қажетті және уақтылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларына жүгінуге құқылы. Атқару парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына, сондай-ақ Алматы қаласының жеке сот орындаушылар Палатасына жүгінулері қажет. Комитеттің талаптары толық қанағаттандырылған үшінші талап бойынша сот шешіміне Бек Эйр әуекомпаниясы апелляциялық шағым берді. Тиісінше, бұл іс Алматы қаласының апелляциялық сатыдағы сотында қаралатын болады. Бұдан басқа, Комитет құзыретті мемлекеттік органдарға - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Бас прокуратураға өз өкілеттіктері шеңберінде жауапкерден ақша қаражатын өндіріп алу процесіне жәрдем көрсетуді сұрап хаттар жіберді.
-->Комитеттің үш талап арызында берілген әуекомпанияға қойылған талаптарын сот қанағаттандырды. Сот тәртібінде 1 525 адамның құқығы қалпына келтірілді, Бек Эйр 93,9 млн теңгені қайтаруға тиіс. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында төртінші талап арыз бар, онда комитет 153 адамның мүддесін білдіреді. Талап арыз сомасы 9,3 млн теңге. Алғашқы екі талап арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енді, Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты атқару парақтарын сот орындаушыларына жіберді. Заңнама талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындауға тек сот орындаушылары ғана құқылы екеніне назар аударамыз. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс. Сондықтан тұтынушылар сот шешімдерін орындау бойынша қажетті және уақтылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларына жүгінуге құқылы. Атқару парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына, сондай-ақ Алматы қаласының жеке сот орындаушылар Палатасына жүгінулері қажет. Комитеттің талаптары толық қанағаттандырылған үшінші талап бойынша сот шешіміне Бек Эйр әуекомпаниясы апелляциялық шағым берді. Тиісінше, бұл іс Алматы қаласының апелляциялық сатыдағы сотында қаралатын болады. Бұдан басқа, Комитет құзыретті мемлекеттік органдарға - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Бас прокуратураға өз өкілеттіктері шеңберінде жауапкерден ақша қаражатын өндіріп алу процесіне жәрдем көрсетуді сұрап хаттар жіберді.