Елорда жаңалықтары

Жыл басынан бері 858 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға АӘК тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осы жылдың 11 айында әлеуметтік топтама алушылардың жалпы саны 158,1 мың отбасын немесе 431,3 мың адамды құрады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі АӘК алушылар қатарынан 216,4 мың бала азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия түрінде кепілдік берілген әлеуметтік топтама алды.

Естеріңізге сала кетейік, 130 мың қазақстандық отбасының 650 мыңнан астам адамына IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы 25 қыркүйекте қабылданды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, II және III тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылған болатын.

-->