Елордалық жас сарбаздар Ақкөл қаласындағы балалар үйіне жаңажылдық кеш өткізу үшін жолға шықты
Ел егемендігінің алдағы 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында әрі келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Ақкөл қаласындағы Ақмола облысы Білім басқармасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырмақ. «Ел астанасында «30 игі іс» бастамасы биыл ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесінен бастау алды. Бүгінге дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, астанамыздағы балалар үйіне арнайы барып, игі істердің ұйымдасуына сеп болдық. Бүгін осы бастамамызды Ақкөл қаласындағы балалар үйінде жалғастыру үшін жолға шығып барамыз. Ақкөл қаласында 100-ге жуық балаға сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлау — басты мақсатымыз. «30 игі іс» 30 іспен тоқтап қалмайды. Келесі жылы да жалғасын табады», — деп ой білдірді республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек. Жас сарбаздар сапар аясында №1 Балалар үйінің аумағын қардан тазартып, сауапты іске ұйытқы болмақ. Бұл өскелең ұрпаққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жылулық ұялатып, балалардың ертеңіне деген сенімін нығайта түсері анық. Аталмыш шараға «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, Ақкөл қаласы ел астанасынан 116 шақырым қашықтықта орналасқан.
-->Ел егемендігінің алдағы 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында әрі келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Ақкөл қаласындағы Ақмола облысы Білім басқармасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырмақ. «Ел астанасында «30 игі іс» бастамасы биыл ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесінен бастау алды. Бүгінге дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, астанамыздағы балалар үйіне арнайы барып, игі істердің ұйымдасуына сеп болдық. Бүгін осы бастамамызды Ақкөл қаласындағы балалар үйінде жалғастыру үшін жолға шығып барамыз. Ақкөл қаласында 100-ге жуық балаға сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлау — басты мақсатымыз. «30 игі іс» 30 іспен тоқтап қалмайды. Келесі жылы да жалғасын табады», — деп ой білдірді республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек. Жас сарбаздар сапар аясында №1 Балалар үйінің аумағын қардан тазартып, сауапты іске ұйытқы болмақ. Бұл өскелең ұрпаққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жылулық ұялатып, балалардың ертеңіне деген сенімін нығайта түсері анық. Аталмыш шараға «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, Ақкөл қаласы ел астанасынан 116 шақырым қашықтықта орналасқан.