Елорда жаңалықтары

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі биыл 305 шара өткізді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының 17 арнайы жобасының аясында биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 305 шара өткізді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 принципінің аясында елордадағы 300 мекеменің, соның ішінде білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, мәдениет және спорт ошақтарының, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту мекемелерінің 1 800 қызметкеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіріп, кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Биылғы әлемдік пандемияға байланысты шаралардың басым көпшілігі онлайн форматта өтті. Бұл ретте онлайн форматтың пайдасы да мол болды. Себебі онлайн форматта өткен шараларға тек астаналықтар ғана емес, Қазақстанның барлық аймағының тұрғындарына қатысуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде шараларға жыл бойы 3 миллион адам қатысты. Біз үшін бұл – өте үлкен көрсеткіш», - деді ол.

Оның айтуынша, биыл «Рухани» бағдарламасы үшін маңызды жыл болды. «Пандемия кезінде ҚР Ұлттық музейі, «Болашақ» корпоративтік қоры, «Астана дарыны» орталығы, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы сынды және басқа да бірқатар мекемелермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп, меморандумға қол қойылды. Бұл тұрғыда алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады. Жалпы, 2020 жыл «Рухани» бағдарламасы үшін маңызды жыл болды. Елбасының идеясымен ҚР Ұлттық музейде ежелгі өнер және технологиялар мұражайы залы ашылды. Осы идеяны жүзеге асыра алғанымыз, яғни Нұр-Сұлтан қаласында осындай залдың ашылуы біздің кеңсеміздің биылғы жылы атқарған маңызды әрі қорытынды жұмыстарымыздың бірі болды деуге болады. Осы залда Қазақстанда табылған ең соңғы «Алтын адамның» эксклюзивті нұсқасы қойылды. Бұл зал елордалықтар мен қала қонақтары үшін қызықты болады деп ойлаймыз», - деді Ақерке Жұманбаева.

--> «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 17 арнайы жобасының аясында биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 305 шара өткізді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 принципінің аясында елордадағы 300 мекеменің, соның ішінде білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, мәдениет және спорт ошақтарының, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту мекемелерінің 1 800 қызметкеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіріп, кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Биылғы әлемдік пандемияға байланысты шаралардың басым көпшілігі онлайн форматта өтті. Бұл ретте онлайн форматтың пайдасы да мол болды. Себебі онлайн форматта өткен шараларға тек астаналықтар ғана емес, Қазақстанның барлық аймағының тұрғындарына қатысуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде шараларға жыл бойы 3 миллион адам қатысты. Біз үшін бұл – өте үлкен көрсеткіш», - деді ол.