Елорда жаңалықтары

Өткен қыста датчиктердің арқасында 5 отбасы аман қалды – ТЖД

«Оған қоса бүгінгі күні құтқарушылар мен қысқы кезеңде адамдардың қаза болуына жол бермеу және мұздағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Карантиндік іс-шараларды ескере отырып, департамент қызметкерлерімен ZOOM режимінде 3 500-ден астам оқушыны қамти отырып, 35 сабақ өткізілді. Оған қоса аңшылық дүкендер мен балық аулау орындарында 1000-нан астам жадынамалар мен буклеттер таратылып, 30-дан артық рейдтер жүргізілді», - дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, датчиктер орнатылып, оның көмегімен қанша отбасы аман қалғанын қозғап өтті. «Жылу беру кезінде қаза табудың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлерімен 41 мыңнан астам адамды қамти отырып, 28 300 үйді аралап шықты. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 381 адамның үйін қайта қарап шығу арқылы 29 мыңнан астам жадынама таратылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне (1 543 үйге) 928 датчик орнатылды. Осы датчиктер 2019-2020 жылдың қыс мезгілінде 5 отбасының аман қалуына септігі тиді. Ал биылғы жылыту маусымы басталғалы бері Байқоңыр ауданында 1 отбасы осы датчиктердің көмегімен аман қалды», - деді басқарма басшысы.

--> «Оған қоса бүгінгі күні құтқарушылар мен қысқы кезеңде адамдардың қаза болуына жол бермеу және мұздағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Карантиндік іс-шараларды ескере отырып, департамент қызметкерлерімен ZOOM режимінде 3 500-ден астам оқушыны қамти отырып, 35 сабақ өткізілді. Оған қоса аңшылық дүкендер мен балық аулау орындарында 1000-нан астам жадынамалар мен буклеттер таратылып, 30-дан артық рейдтер жүргізілді», - дейді ол.