ҚР ТЖМ: Биылғы күзден бері елдің су айдындарында 21 адам көз жұмды
Жалпы республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері Полиция департаменттерімен бірлесіп, балық аулау орындарында, мұз өткелдері мен өтпе жолдарда патрульдеу, аралау жұмыстарын және тұрақты түрде рейд жүргізуде. Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бері 4 512 патрульдеу және рейд өткізіліп, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша 15 769 нұсқаулық жүргізілді. «Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан - 7 желтоқсан) елдің су айдындарында 21 адам, оның ішінде 5 бала көз жұмды. Осыған байланысты, ел азаматтарының назарын су айдындарында, қыс мезгілінде, бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтауға аударамыз. Мұз астына балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға, шектеулі алаңда екіден көп шұңқыр тесуге және от жағуға жол берілмейді. Сондай-ақ өту орындарында балық аулауға арналған желілерді орнатуға және шұңқырларды тесуге болмайды. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см, жаяу өткелді жасау үшін 15 см және одан қалың, автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см болуы керек. Судағы оқиғалар көбінесе адамның өз-өзіне сену, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалау, судағы қарапайым ережелерді елемеу салдарынан орын алады», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі.
-->Жалпы республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері Полиция департаменттерімен бірлесіп, балық аулау орындарында, мұз өткелдері мен өтпе жолдарда патрульдеу, аралау жұмыстарын және тұрақты түрде рейд жүргізуде. Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бері 4 512 патрульдеу және рейд өткізіліп, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша 15 769 нұсқаулық жүргізілді. «Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан - 7 желтоқсан) елдің су айдындарында 21 адам, оның ішінде 5 бала көз жұмды. Осыған байланысты, ел азаматтарының назарын су айдындарында, қыс мезгілінде, бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтауға аударамыз. Мұз астына балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға, шектеулі алаңда екіден көп шұңқыр тесуге және от жағуға жол берілмейді. Сондай-ақ өту орындарында балық аулауға арналған желілерді орнатуға және шұңқырларды тесуге болмайды. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см, жаяу өткелді жасау үшін 15 см және одан қалың, автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см болуы керек. Судағы оқиғалар көбінесе адамның өз-өзіне сену, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалау, судағы қарапайым ережелерді елемеу салдарынан орын алады», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі.