Елорда жаңалықтары

Елімізде үш күнде 1 420 қылмыс тіркелді – ІІМ

«Желтоқсан мерекесі қарсаңында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Шараға Ішкі істер органдарының 17 мың қызметкері және Ұлттық ұланның 4 мыңнан астам әскери қызметшісі қатысты. Науқан арқылы үш күнде 1 420 қылмыс тіркелді және бұрын жасалған 338 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 80 қылмыскер ұсталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 43 мыңнан астам адам тексеріліп, 335-інің шектеулерді бұзғаны анықталды. Есірткі заттарын сақтағаны үшін 93 адам, суық және атыс қаруын алып жүргені үшін – 235 адам ұсталған. 45 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде 4,5 мыңнан астам ұсақ бұзақылық, 2 300 – тыныштықты бұзу, 6 мың – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас болу тіркелген. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың да алдын алуға көңіл бөлінді. 6 мыңнан астам ата-ана балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта өз беттерімен жүруіне қатысты 2 300 жағдай анықталды.

--> «Желтоқсан мерекесі қарсаңында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Шараға Ішкі істер органдарының 17 мың қызметкері және Ұлттық ұланның 4 мыңнан астам әскери қызметшісі қатысты. Науқан арқылы үш күнде 1 420 қылмыс тіркелді және бұрын жасалған 338 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 80 қылмыскер ұсталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.