Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов энергетиктердің жалақысын көтеруді тапсырды

Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап энергетиктердің жалақысы (барлық ведомстволық ұйымдар) артты. Қала әкімі қызметкерлерді энергетика күнімен құттықтап, еңбек жағдайларын жүйелі түрде жақсарту қажеттігін атап өтті. «Біздің климат күрт континенталды, елордамыз - әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Энергетиктердің тынбай еткен еңбегінің арқасында қалаға жылу, жарық, су үздіксіз келіп тұрады. Қыс айларында энергия көздеріне түсетін салмақ артады. Алтыншы турбинаны қосу бізге қосымша 120 МВт электр энергиясы мен жылыту үшін 180 гигакалория береді. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары газға ауыстырылды. Бұл шаралар энергия көздеріне салмақ түсірмеуге мүмкіндік береді. Еңбек жағдайын жасау үшін биыл жалақыны жоспарлы түрде көтере бастадық, келесі 2021 жылы жалғастырамыз. Біз жұмысшыларымыздың еңбегін бағалаймыз! Еңбектеріңіз үшін рахмет! Энергетика күнімен!», - деді Алтай Көлгінов.

-->