Елорда жаңалықтары

Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілді

"Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд теңге төленді, 5 409 жоғары технологиялық медициналық қызметтерге – 1 млрд теңгеден астам, 97 536 стоматологиялық қызметтерге – 225 млн теңге төленді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда емделгендер (61,9 млрд теңге сомасына) саны - 199 363», - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен (2019 жылы – 105 қызмет жеткізуші) келісімшартқа отырған. Олардың 32-сі – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме – 12. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындар саны - 1 171 302 (ҚР бойынша - 18 809 210). Олардың ішінде 648 978 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғындардың 55%-на жуық, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша: 540 768 – жалдамалы жұмыскерлер; 47 899 – жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтіндер – 28 155; бірыңғай жиынтық төлем бойынша жарна аударғандар - 169 504; өз бетінше жарна төлейтіндер саны - 15 572. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындар саны - 965 735 (бұл елорда тұрғындарының 82,4%-ға жуығы.) Елордада сақтандырылмаған азаматтар үлесі 17,6%-құрайды.

--> "Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд теңге төленді, 5 409 жоғары технологиялық медициналық қызметтерге – 1 млрд теңгеден астам, 97 536 стоматологиялық қызметтерге – 225 млн теңге төленді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда емделгендер (61,9 млрд теңге сомасына) саны - 199 363», - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.