Елорда жаңалықтары

«Nur Otan» өкілдері медицина мамандарымен онлайн кездесу өткізді

Шараға қалалық мәслихат депутаты Аман Аюпов, Олимп клиникалық-диагностикалық зертханаларының директоры Ерлан Сүлейменов, Мүгедектеріне арналған клиникалық госпиталь» директоры Динара Уразалина, №6 емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина мен Өркениет филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Мария Өтебаева қатысып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартудың жолдарына тоқталды. «Баршаңызға пандемия кезіндегі ерліктеріңіз үшін партияның атынан алғыс білдіргім келеді. Көптеген медицина қызметкері індеттің ілмегінен қаза тапты. Олардың ерлігі ел есінде сақталады. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласында да іргелі өзгерістер болмақ. Атап айтқанда, елордадағы нұротандықтар «Үйдегі дәрігер» жобасын қолға алып, жоба шеңберінде 30 отбасылық дәрігерлік амбулаторияларын ашуды көздейді. Жоба 300 мың тұрғынды қамтиды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, 500 орындық инфекциялық аурухана, 800 орындық көпбейінді аурухана және жаңа перзентхана салынады», — деді Өркениет филиалы Төрағасының бірінші орынбасары М.Өтебаева. Мәслихат депутаты Аман Аюпов өз тарапынан сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. «Биыл елімізде бірінше рет праймериз өткізілді, жаңа адамдар келді, партия жаңа істермен және есімдермен толықты. Қазіргі таңда Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің бәрі осы іспен айналысып, сайлаушыларын сайлауалды бағдарламамен таныстыруда», — деп атап өтті депутат. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесін толық шешуге уәде беріп отыр. Елордадағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2025 жылға қарай жыл сайын 10 мың пәтер құрылысын қолға алу жоспарланған.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

-->