Елорда жаңалықтары

Батырларға, жауынгерлерге арналған елордадағы ескерткіш жаңартылады

«Отан Қорғаушылар» алаңындағы ескерткіш қалпына келтіріледі. Бұл туралы Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Осыдан 20 жыл бұрын «Отан Қорғаушылар» алаңында біздің елімізді бүкіл әлемге мадақтаған батырларымызға, жоңғарларды жеңген қазақ батырларына және кеңестік азаттық жауынгерлеріне арналған ескерткіш қойылды. Өкінішке қарай, жылдар өте келе ескерткіш нашарлады. Осыған байланысты біз қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді ұйғардық. Батырларымызды тек 9 мамырда ғана емес, күн сайын есте сақтау қажет. Жеңіс пен елдің жандануы үшін, біздің өміріміз үшін тірі жүрген және мезгілсіз кеткен батырларымызға тек сөзбен ғана емес, іспен де алғыс айтамыз. Оқшаулану уақыты өтіп, осы ескерткіштің жанында бұрынғыдай батырларымызды еске алатын және бағалайтын адамдардың көп болатынына сенемін", – деп жазды Бектенбай Есполов. [caption id="attachment_22862" align="alignnone" width="960"] Фото: Бектенбай Есполов/Facebook[/caption]

-->