Елордада индустриялық парктің үздік қызметкерлері марапатталды
Бүгінде «АСТАНА-ТЕХНОПОЛИС» арнайы экономикалық аймағының құрамында 51 кәсіпорын бар, 4 300 маман қызмет етеді. Алдағы уақытта тағы 30 зауыт ашылады. «Бүгін қала әкімдігінің атынан индустриялық аймақтың ірі мекемелерінің мамандарын арнайы алғыс хаттармен марапаттап жатырмыз. Еліміздің дамуы үшін қарапайым жұмысшылардың еңбегі орасан. Бүгін №1 индустриялық парктің 10 кәсіпорнын құттықтадық. Атап айтқанда, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг», «Локомотив құрастыру зауыты», «Қазақстан Аселсан инженеринг, «Selena Insulations, «Avalon-K» жиһаз жасау зауыты, «Astana Ютария LTD» киім тігетін кәсіпорын, «STAHLBAU» метал құрылым зауыты және басқаларына бардық. Жалпы, қаланың 80 пайыз өндірісін арнайы экономикалық аймақ құрамындағы кәсіпорындар қамтып отыр», - дейді Б.Досқазиев. «STAHLBAU» метал құрылым зауытының директоры Алмаз Мыңжасаровтың айтуынша, жыл соңына дейін 50 ауыр автокөлік шығарылады. Оның тапсырыс бойынша 18-і – Ресейге, 12-сі Қырғызстанға экспортталады екен. «Коммуналдық көлік түрлерін құрастыру мен бөлшектерін жасап шығарумен айналысамыз. Өткен жылдан бері біздің зауытта құрастырылған 10 ауыр автокөлік қала игілігіне қызмет етуде. Автомобиль бөлшектерін құрастырып, сатылымға шығарғанша 2 күн кетеді, орташа бағасы 45 миллион теңге. Күніне кәсіпорында 30-дан аса автокөлік жасалады. Қазіргі таңда тауарға сұраныс аз болғандықтан айына 20-30 көлік құрастырумен шектеліп отырмыз. Кәсіпорында 37 маман бар. Қызметкерлердің еңбегін ескеріп, айтулы күнмен құттықтауын жолдаған қала әкімдігіне алғыс білдіреміз», - деді зауыт жетекшісі.
Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ
-->Бүгінде «АСТАНА-ТЕХНОПОЛИС» арнайы экономикалық аймағының құрамында 51 кәсіпорын бар, 4 300 маман қызмет етеді. Алдағы уақытта тағы 30 зауыт ашылады. «Бүгін қала әкімдігінің атынан индустриялық аймақтың ірі мекемелерінің мамандарын арнайы алғыс хаттармен марапаттап жатырмыз. Еліміздің дамуы үшін қарапайым жұмысшылардың еңбегі орасан. Бүгін №1 индустриялық парктің 10 кәсіпорнын құттықтадық. Атап айтқанда, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг», «Локомотив құрастыру зауыты», «Қазақстан Аселсан инженеринг, «Selena Insulations, «Avalon-K» жиһаз жасау зауыты, «Astana Ютария LTD» киім тігетін кәсіпорын, «STAHLBAU» метал құрылым зауыты және басқаларына бардық. Жалпы, қаланың 80 пайыз өндірісін арнайы экономикалық аймақ құрамындағы кәсіпорындар қамтып отыр», - дейді Б.Досқазиев. «STAHLBAU» метал құрылым зауытының директоры Алмаз Мыңжасаровтың айтуынша, жыл соңына дейін 50 ауыр автокөлік шығарылады. Оның тапсырыс бойынша 18-і – Ресейге, 12-сі Қырғызстанға экспортталады екен. «Коммуналдық көлік түрлерін құрастыру мен бөлшектерін жасап шығарумен айналысамыз. Өткен жылдан бері біздің зауытта құрастырылған 10 ауыр автокөлік қала игілігіне қызмет етуде. Автомобиль бөлшектерін құрастырып, сатылымға шығарғанша 2 күн кетеді, орташа бағасы 45 миллион теңге. Күніне кәсіпорында 30-дан аса автокөлік жасалады. Қазіргі таңда тауарға сұраныс аз болғандықтан айына 20-30 көлік құрастырумен шектеліп отырмыз. Кәсіпорында 37 маман бар. Қызметкерлердің еңбегін ескеріп, айтулы күнмен құттықтауын жолдаған қала әкімдігіне алғыс білдіреміз», - деді зауыт жетекшісі.
Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ