Елорда жаңалықтары

ТЖД мамандары 24 мың тұрғын үйді аралап, өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

«Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл қалада 500 өрт тіркеліп, салдарынан 18 адам көз жұмып, 43 адам жарақат алды. Өрттің басым көпшілігі жеке секторларда орын алған. Жылыту маусымы басталғалы бері осы желтоқсан айындағы статистикаға көз жүгіртер болсақ, өрт санының өсу үрдісі байқалады. Оған бірден-бір себеп – жылыту пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесінің сақталмауы. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өзге де мемлекеттік органдармен бірге алдын алу жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Бүгінде мамандар 24 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді ол.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарына жылыту пештерін дұрыс пайдалануды, яғни отты бір уақытта ғана шамадан тыс қатты қыздырмай, тәуліктің әр уақытында жағуды және оны балаларға бақылатпауды, сол сияқты балаларды үйде жалғыз қалдырмауды ұсынды.

--> «Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл қалада 500 өрт тіркеліп, салдарынан 18 адам көз жұмып, 43 адам жарақат алды. Өрттің басым көпшілігі жеке секторларда орын алған. Жылыту маусымы басталғалы бері осы желтоқсан айындағы статистикаға көз жүгіртер болсақ, өрт санының өсу үрдісі байқалады. Оған бірден-бір себеп – жылыту пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесінің сақталмауы. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өзге де мемлекеттік органдармен бірге алдын алу жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Бүгінде мамандар 24 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді ол.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарына жылыту пештерін дұрыс пайдалануды, яғни отты бір уақытта ғана шамадан тыс қатты қыздырмай, тәуліктің әр уақытында жағуды және оны балаларға бақылатпауды, сол сияқты балаларды үйде жалғыз қалдырмауды ұсынды.