Елорда жаңалықтары

Елордадағы 7 кәсіпкерлік нысанның қызметі 3 айға тоқтатылуы мүмкін

Оның айтуынша, санитарлық талапты 107 қоғамдық тамақтану нысаны (мейрамханалар, лаундж барлар, банкет залдары), 9 дүкен, көңіл көтеру нысандары (караоке, компьютерлік және ойын клубтары, 41 СОО жанындағы Батут орталығы, ойын-сауық орталығы, түнгі клуб және 1 шиномонтаж бұзған. «Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 28 933 070 теңге сомасына 107 әкімшілік айыппұл салынды. Соның ішінде бір нысанның 4 қызметкеріне де айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы 105 нұсқама берілді. Шектеу және карантин шараларын қасақана бұзып, нұсқаманы орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар – Sova караоке-бары, «Жаным сол» караоке-бары, Alanya түнгі клубы, Teqila лаундж-бары (Teqila лаундж-бары бойынша ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша 2 материал жолданды), Echo бары, «Алтын» мейрамханасы. ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінің санкциясымен нысанның қызметін тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза көзделген. ЭСЖК өкілдері аталған нысандарға қатысты қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түрінде қосымша жаза шарасын қолдану туралы сотқа өтініш жасайтын болады», - деді ол. Сонымен қатар ол нысандарда қандай талаптардың сақталмағаны туралы атап өтті. «Негізінен бұқаралық іс-шараларды өткізу, жұмыс режимін сақтамау, келушілердің белгіленген санын сақтамау (30-дан астам), нысандардағы жұмыскерлерінің (даяшылар, сатушылар) бетперде тағу режимін сақтамауы, ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салу сақталмайды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілетін барлық нысандарда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Шектеу және карантин шараларын бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарынан баянаттар әлі де түсіп жатыр», - деді Ж.Пірәлиева.

-->