Елорда жаңалықтары

СІМ: Гуманитарлық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі комиссия отырысы өтті

Отырысты аша отырып, Е. Ашықбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған және 2020 ж. қазан айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында нақтыланған бастамалары Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін тікелей қозғайтындығын және ведомствоаралық комиссияның мандатымен үйлесетіндігін атап өтті. Отырыс барысында қатысушылар Қазақстанның гуманитарлық және адам құқықтары саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерін іске асыру процесін, оның ішінде өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қою және оны ратификациялау; хабарламалар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қосылуға дайындық; Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау мәселелерін талқылады. Адами өлшем секілді маңызды салада БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өте отырып, Комиссия мүшелері қазақстандық тараптың адам құқықтары мен бостандықтары саласында өзіне алған халықаралық міндеттемелерді орындауы бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіруге уағдаласты.

-->