Жыл басынан бері 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылдың 6 қарашасында Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларға және басқаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Жалпы, 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 22 жерасты казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматтары заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге «Стоп-ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
--> «ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылдың 6 қарашасында Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларға және басқаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.Жалпы, 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 22 жерасты казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматтары заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге «Стоп-ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.