Елорда жаңалықтары

Елімізде санитарлық нормаларды бұзған кәсіпорындарға 1 млрд теңге айыппұл салынды

«Қазіргі уақытта республика бойынша әкімдіктер жанында 1 556 мониторингтік топ жұмыс істейді. Карантин шаралары жеңілдетілген сәттен бастап 17 тамыз бен 7 желтоқсан аралығында 53 489 рейд жүргізілді. Басы-аяғы 215 970 нысан тексерілді. Тиісті талаптарды бұзған 18 903 нысан анықталды. Нақтырақ айтар болса, Түркістан облысында – 3 279, Алматы облысында – 3 121, Қостанай облысында – 1 758, Шығыс Қазақстан облысында – 1 598, Алматы қаласында – 1 584, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 341 заң бұзу фактісі тіркелді», – деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұмыс режимін және бұқаралық іс-шараларды сақтамағаны үшін жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жалпы саны 15 268 айыппұл салынды.

--> «Қазіргі уақытта республика бойынша әкімдіктер жанында 1 556 мониторингтік топ жұмыс істейді. Карантин шаралары жеңілдетілген сәттен бастап 17 тамыз бен 7 желтоқсан аралығында 53 489 рейд жүргізілді. Басы-аяғы 215 970 нысан тексерілді. Тиісті талаптарды бұзған 18 903 нысан анықталды. Нақтырақ айтар болса, Түркістан облысында – 3 279, Алматы облысында – 3 121, Қостанай облысында – 1 758, Шығыс Қазақстан облысында – 1 598, Алматы қаласында – 1 584, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 341 заң бұзу фактісі тіркелді», – деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұмыс режимін және бұқаралық іс-шараларды сақтамағаны үшін жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жалпы саны 15 268 айыппұл салынды.