Көлгінов: Алдағы бес жылдың ішінде кемінде 50 мектеп салуымыз қажет
Айтуынша аталған мектептердің бәрі бюджеттің есебінен ғана салынбайды. «Жеке инвесторлардың да мектеп салуына жағдай жасап отырмыз. Осыдан 10 жыл бұрын мектеп оқушыларының саны 74 мың болса, қазір – 193 мың. Динамика осылай жалғаса берсе алдағы уақытта екі есе артып, 400 мыңға жетуі мүмкін. Демек, біз білім сапасына, мектеп салуға көп көңіл аударуымыз қажет. Былтыр 22 мектептің оқушылары нормадан тыс, ал 8 мектеп үш ауысымды режимде тіркелген болса, біз оны екі есеге азайттық. Қазір қаламызда үш ауысымды 4 мектеп, мектепте нормадан тыс 14 мектеп бар. Алдағы бес жылдың ішінде кемінде 50 мектеп салуымыз қажет. Бұл жоспарға бекітілді», - дейді қала әкімі.
--> «Қала тұрғындарының саны артып келеді. Соңғы 10 жылда елордалықтар екі есе көбейді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 1,2 млн-ға жуықтап қалды. Бұл мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандар санын көбейту керек дегенді білдіреді. Былтыр алты мектеп салынған болса, биыл екі есе артып 12-ге жетіп отыр. Оның жартысы қолданысқа берілді. Алдағы уақытта да 10-12 немесе одан да көп мектеп салынуы тиіс», - дейді әкім.Айтуынша аталған мектептердің бәрі бюджеттің есебінен ғана салынбайды. «Жеке инвесторлардың да мектеп салуына жағдай жасап отырмыз. Осыдан 10 жыл бұрын мектеп оқушыларының саны 74 мың болса, қазір – 193 мың. Динамика осылай жалғаса берсе алдағы уақытта екі есе артып, 400 мыңға жетуі мүмкін. Демек, біз білім сапасына, мектеп салуға көп көңіл аударуымыз қажет. Былтыр 22 мектептің оқушылары нормадан тыс, ал 8 мектеп үш ауысымды режимде тіркелген болса, біз оны екі есеге азайттық. Қазір қаламызда үш ауысымды 4 мектеп, мектепте нормадан тыс 14 мектеп бар. Алдағы бес жылдың ішінде кемінде 50 мектеп салуымыз қажет. Бұл жоспарға бекітілді», - дейді қала әкімі.