Елорда жаңалықтары

Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан, Польша тарапын - Сыртқы істер министрінің орынбасары Марчин Пшидач басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-қатынастардың ахуалы және даму келешегін талқылады. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңіраралық өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Өңірлік және жаһандық күн тәртібінің ағымдағы мәселелеріне қатысты жан-жақты және тиімді пікір алмасты.

Делегация басшылары «COVID-19» пандемиясының салдарын еңсеру бойынша өзара тиімді көмек пен бірлескен күш-жігерді атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Польшаның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

-->