Қысқы сессия қарашаның соңында басталды – вице-министрі
«26 қарашадан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің сессиясы басталды. Сессия жыл соңында аяқталып, студенттер демалысқа шығады. Жалпы, биылғы мектеп бітірген талапкерлер жазғы уақытта жоғары оқу орындарына онлайн форматта оқуға тапсырған болатын. Сол сияқты қысқы сессия да қашықтан өткізіледі. Сессия кезінде прокторинг және антиплагиат жүйесі міндетті түрде қолданылады. Өйткені олардың жұмысы көшірілмеген болуы керек. Алайда кейбір оқу орындарының студенттері тарапынан бұл жүйелерді пайдаланбау туралы сұраныс болған. Бірақ олардың бұл өтініші қабылданбайды. Әрине, олар оқудан шығып қалудан қорқатын шығар. Дегенмен бұл жүйе білімді тексеру үшін қажет. Әсіресе медицина саласында білім алатын студенттерге қажет. Себебі болашақ медицина мамандары сессияны дұрыс тапсырмаса, ертең олардан қандай дәрігер шығады?!» - деді ол.
-->