Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда КАНО ұжымымен өткен онлайн кездесуде пандемияның әсері талқыланды

Онлайн кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын КАНО бастауыш партия ұйымымен партияластар талқылады. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Кездесуге партия мүшелері, жастар, белсенді азаматтар қатысты. Жолдау аясында сұрақтарға тұщымды жауап беріліп, аталмыш отырыс жоғары деңгейде өтті. «Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары кездесу барысында былай деп пікір білдірді: «Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда кемшін тұстар әлі де жоқ емес. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды», – деді ол.

-->