Елорда жаңалықтары

Елордада «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында онлайн кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» деп аталатын партиялық жоба да бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы келіп түскен мұқтаж отбасылардың өтінішіне орай «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік, санитарлық заттар, тұрмысқа керекті заттар алып қамтып отыр. Карантин жарияланған күннен бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға партия ұйымдарымен бірге қосылып, «BizBirgemiz» атты қорымен көмек көрсетті. ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді. Осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның зор парызы. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Елбасымыз мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға, көмектесуге, көңіл бөліп тұруға шақырған еді. Ең бастысы, олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. Іс-шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхаммеджан Болысбек, «Жаңа бағыт» бастауыш партия ұйымы басшысы Серікжан Мергенбаев, «Гранит» ЖШС-нің басшысы Темір Омаров, «Ботақан – 2017» ЖШС бас директоры Нұрғали Кенжебаев және де «КЕРУЕН ГРУПП» ЖШС-нің басшысы Азамат Орынбасаров және т.б кеңес мүшелері қатысып өз пікірлерін білдірді.

-->