Елорда жаңалықтары

Қазақстандық институционалдық инвесторлар AIX-те бағалы қағаздарды теңгемен сатып алу мүмкіндігіне ие болды

Бұдан былай қаржылық ұйымдар (банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар, брокерлік ұйымдар) қазақстандық компаниялардың AIX-тегі сауда-саттыққа жіберілген және теңгемен көрсетілген акциялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы болады. Өзгерістер енгізілгенге дейін институционалдық инвесторлар AIX-те тек шетелдік валютада көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы болатын. «Бағалы қағаздар нарығын дамыту және интегрциялау – ел экономикасының тұрақты дамуының маңызды шарты. Біз қазақстандық институционалдық инвесторлар өз активтер портфелін AIX-те листингтелген компаниялардың акцияларымен толықтыра алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз. Қазақстанның «ұлттық чемпиондарына» инвестициялау, әлбетте, бизнестің өсуіне ықпал ететін болады, сонымен қатар Қазақстанның қор нарығы мен жалпы экономикасының дамуына оң әсер етеді», - дейді AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт. --> Бұдан былай қаржылық ұйымдар (банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар, брокерлік ұйымдар) қазақстандық компаниялардың AIX-тегі сауда-саттыққа жіберілген және теңгемен көрсетілген акциялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы болады. Өзгерістер енгізілгенге дейін институционалдық инвесторлар AIX-те тек шетелдік валютада көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы болатын. «Бағалы қағаздар нарығын дамыту және интегрциялау – ел экономикасының тұрақты дамуының маңызды шарты. Біз қазақстандық институционалдық инвесторлар өз активтер портфелін AIX-те листингтелген компаниялардың акцияларымен толықтыра алу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз. Қазақстанның «ұлттық чемпиондарына» инвестициялау, әлбетте, бизнестің өсуіне ықпал ететін болады, сонымен қатар Қазақстанның қор нарығы мен жалпы экономикасының дамуына оң әсер етеді», - дейді AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт.