Жыл сайын мемлекеттік секторларға миллиондаған кибершабуыл жасалады – Цифрлық министрлік
Сөз арасында киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаттары құпиялылық, тұтастық және қолжетімділік екенін айрықша атап өтті. Айтуынша қазір қолжетімділік қағидаты бойынша қиындықтар туып отырған көрінеді. «Мысал ретінде айта кетейін, Электрондық үкіметтің әрбір ірі ақпараттандыру объектісі, сол сияқты қаржы секторы да үнемі түрлі кибершабуылдарға ұшырайды. Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздіктің миллиардтаған оқиғалары тіркеледі. Бір ғана 2020 жылы 4 млрд-қа жуық оқиға тіркелді. Сол сияқты миллиондаған кибершабуыл жасалады. Шамамен 200 миллион кибершабуыл анықталды», - дейді ол. Сөзін жалғай отырып, пандемия уақытында жұртшылықтың қашықтан жұмыс істеу форматына көшуіне байланысты бұл проблема тіптен үдеп кеткенін жеткізді. Ал бұған еліміз дайын болмай шығыпты.
--> «Биыл бүкіл әлемге COVID-19 инфекциясы қауіп төндіріп тұр. Инфекциямен күрес кезінде байқағанымыздай, адам ағзасына ғана емес, әлем экономикасына да айтарлықтай зиян тигізіп отыр. Өкінішке қарай, пандемия біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Біз жақындарымыздан, таныстарымыздан айырылып жатырмыз. Бизнес шығынға батып жатыр. Азаматтар карантиндік шаралардан қиындықтарға жиі тап болуда. Дегенмен еліміз коронавируспен күресте тиісті шаралар қабылдап, жеке бизнеске қолдау көрсетіп келеді. Осы орайда бұл мәселені не себепті Цифрлық министрлік қозғап отыр деген ой келуі мүмкін. Бірақ әлеуметтік саладан бөлек пандемияның үлкен соққысы цифрлық инфрақұрылымға да тиіп отыр. Бұған бәріміз куә болдық. Мемлекеттік интернет ресурстарға деген қолжетімділік проблемасының қолданыстағы технологиялық базаның жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетті», - дейді ведомство басшысы.Сөз арасында киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаттары құпиялылық, тұтастық және қолжетімділік екенін айрықша атап өтті. Айтуынша қазір қолжетімділік қағидаты бойынша қиындықтар туып отырған көрінеді. «Мысал ретінде айта кетейін, Электрондық үкіметтің әрбір ірі ақпараттандыру объектісі, сол сияқты қаржы секторы да үнемі түрлі кибершабуылдарға ұшырайды. Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздіктің миллиардтаған оқиғалары тіркеледі. Бір ғана 2020 жылы 4 млрд-қа жуық оқиға тіркелді. Сол сияқты миллиондаған кибершабуыл жасалады. Шамамен 200 миллион кибершабуыл анықталды», - дейді ол. Сөзін жалғай отырып, пандемия уақытында жұртшылықтың қашықтан жұмыс істеу форматына көшуіне байланысты бұл проблема тіптен үдеп кеткенін жеткізді. Ал бұған еліміз дайын болмай шығыпты.