Елордадағы Жұмыспен қамту орталығының жұмысы онлайн режиміне ауысты
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында елордадағы Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25 ) мен «Жанұя» орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызмет түрлерін ХЖҚО 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электрондық пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Қызмет алу үшін: 1) 57-88-88 нөміріне қоңырау шалу; 2) қажетті қызмет санын таңдау; 3) маманмен байланысу қажет. Қызмет түрлері туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның facebook (@cz.astana.kz) және instagram: (@czn_astana) әлеуметтік желілерінде қол жетімді. Барлық азаматтарға 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы онлайн режимінде хабарласуды сұраймыз", – делінген хабарламада.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында елордадағы Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25 ) мен «Жанұя» орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызмет түрлерін ХЖҚО 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электрондық пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Қызмет алу үшін: 1) 57-88-88 нөміріне қоңырау шалу; 2) қажетті қызмет санын таңдау; 3) маманмен байланысу қажет. Қызмет түрлері туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның facebook (@cz.astana.kz) және instagram: (@czn_astana) әлеуметтік желілерінде қол жетімді. Барлық азаматтарға 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы онлайн режимінде хабарласуды сұраймыз", – делінген хабарламада.