Елорда жаңалықтары

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 3 мың елордалық жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Елорда Инфо. «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. ЖҚЖК бағдарламасының аясында жұмыспен қамту Орталығы инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырады. Мұнда Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы құрылыс, жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру саласындағы жұмыстарды ұсынады. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 628 адамды ЖҚЖК жобаларына жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. 24 маусымдағы жағдай бойынша 2 953 адам жұмысқа орналастырылды. Қатысушылар – жұмыссыздар. Елорда тұрғындары түрлі бағытта іске қосылған 95 жоба бойынша жұмысқа орналаса алады. Бүгінгі таңда 101 ұйыммен ниет-хаттамалары жасалды", – делінген Жұмыспен қамту орталығы таратқан ақпаратта. Айдос Мырзарахимов – бағдарламаға қатысушылардың бірі. Карантин басталғанда жұмысынан қысқартылып, табысынан айырылған ол Халықты жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетінін білген кезде бірден орталыққа барыпты. Кеңес алып, бос жұмыс орындарын қарастырғаннан кейін, сол күні станция ішіндегі газ бөлінісін жайғастырумен байланысты, табиғи газ бен көмірді бірлесіп жағу үшін су жылытатын қазандықтарды қайта құру жобасына жолданады. Қазіргі уақытта А.Мырзарахимов бағдарламаны жүзеге асыруға белсене қатысып келеді. Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы елордалықтарды әлі де «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына қатысуға шақырады. Қазіргі уақытта ЖҚЖК жобаларын іске асыруға қажетті білікті мамандарды белсенді іріктеу жүргізілуде. Айта кетсек, бос жұмыс орындары Жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында және электрондық еңбек биржасында қолжетімді.⠀

-->