Елорда жаңалықтары

Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспана биыл неге үш есе аз

«Елбасының тапсырмасымен 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастарға 1 050 пәтердің кілтін табыстадық. Биыл елімізде орын алған пандемия жағдайына байланысты 350 пәтерді жастарға табыстау жоспарланып отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жұмыс істеп жатқан жастарға мотивация беру, екіншіден, алдағы бес жылдың ішінде қаражаттарын жинап, жеке үйлерін сатып алуға жағдай жасау. Басты мақсат – жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсету», - деді ведомство басшысы.

Сөзін жалғай отырып, бұл бағдарламаға қатысушыларға қандай талаптар қойылатынын егжей-тегжейлі атап өтті. «Құжат тапсыратын азаматтардың жасы 29-дан аспауы керек. Жұмыс істейтін, меншігінде баспанасы жоқ, жинақ жасауы үшін банктердің бірінде депозиттік шоты бар. Соңғы алты айда кемінде 111 120 теңгеден, яғни 40 АЕК-тен төмен емес кірісі болуы керек», - деді Дәулет Кәрібек.

--> «Елбасының тапсырмасымен 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастарға 1 050 пәтердің кілтін табыстадық. Биыл елімізде орын алған пандемия жағдайына байланысты 350 пәтерді жастарға табыстау жоспарланып отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жұмыс істеп жатқан жастарға мотивация беру, екіншіден, алдағы бес жылдың ішінде қаражаттарын жинап, жеке үйлерін сатып алуға жағдай жасау. Басты мақсат – жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсету», - деді ведомство басшысы.