Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жартылай жабылды
Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жартылай жабылды. Жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жол желісін орташа жөндеу аясында Бейбітшілік көшесінде Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде», – делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған байланысты 21 маусым мен 5 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын ала жоспарлауы керек. «Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
-->Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жартылай жабылды. Жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жол желісін орташа жөндеу аясында Бейбітшілік көшесінде Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде», – делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған байланысты 21 маусым мен 5 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын ала жоспарлауы керек. «Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.