Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады
13 сәуірден бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының мәліметінше, тестілеуден өту үшін келесі іс-әрекеттерді жасау қажет: 1️.Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек; 2️. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдарды эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді; 3️. Бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға жіберіледі; 4️. Бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келу керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді; 5️. Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек; 6️. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс; 7️. Процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады; 8️. Анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады. Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды. Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды. Экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды. Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
-->13 сәуірден бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының мәліметінше, тестілеуден өту үшін келесі іс-әрекеттерді жасау қажет: 1️.Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек; 2️. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдарды эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді; 3️. Бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға жіберіледі; 4️. Бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келу керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді; 5️. Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек; 6️. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс; 7️. Процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады; 8️. Анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады. Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды. Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды. Экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды. Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.