Елорда жаңалықтары

Оқжетпес көшесі жартылай жабылды

Оқжетпес көшесі 10 шілдеге дейін жабық болады. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 17 маусымнан 10 шілдеге дейін бұл учаскедегі көлік қозғалысы жартылай жабылады. «Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау керек», - делінген хабарламада.

-->