«Астана Опера» театрының жетекші солисі жеке концертін береді
Оған Дж.Россини, Э. Ди Капуа, Р.Фальво, Э. Де Куртис, Ч.Биксио, Ф.П.Тости, Г.Лама, Э.Каннионың неаполитандық әндері мен өзге де туындылар енген, олардың басым көпшілігі Қазақстанда алғаш рет орындалмақ. Концерт идеясы әншіде карантин кезінде туындаған, сол кезде ол өзінің кітапханасынан неаполитандық музыкалық шығармалардың ноталар жинағына кездейсоқ тап болады. - Мен бұл өлеңдердің бәрін жаттап алып, көрермендер назарына ұсынғым келді. Кейде концерттерге келген кезде мен дәл осы туындыны тыңдағым келеді, алайда ол Қазақстанда орындалмайтын болып шығады, сондықтан мен осының бәрін өзіндік неаполитандық музыкалық отшашуға біріктіріп, тыңдармандар үшін сый жасауға бел будым. Аздап толқу үстіндемін, себебі алдыма маңызды міндет қойдым – вокалдық, драматургия тұрғысынан күрделі, жоғары ноталары бар, бірақ сол неаполитандық атмосфераны дәл жеткізетін әлемдік деңгейдегі шығармалармен өнер көрсету. Осылайша, менің ән қоржыным шетелде танымалдыққа ие, бірақ әзірге елімізде аты шыға қоймаған жаңа концерттік нөмірлермен толықпақ. Жеке концерт – бұл емтихан, сондай-ақ көрермендер мен өз-өзіңе есеп беру, ол саған үлкен жауапкершілік артады, сонымен қатар самғау мен мереке сезімін береді, - деп бөлісті Медет Чотабаев. Әнші Қазақстан мен Италияда вокалдан тәлім алған. Ол талай рет халықаралық байқауларда еліміздің беделін асырған. Мәселен, Медет Чотабаев ең үздік вокалдық жарыстардың бірі – Глинка атындағы XXIII халықаралық байқауда (Мәскеу, 2009) жарқын жеңіске жетіп, бірінші жүлде мен «Үздік тенор» арнайы сыйлығын алған. Медет Чотабаев жасаған сахналық бейнелер нәзік сыршылдығы, сезімдердің шынайылығы, ерекше жылулығы және вокалдық партияны кәсіпқойлықпен жеткізуімен өзгешеленеді. Ол – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты (2018), «Қазақстанның жаңа 100 есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы (2018). Медет Чотабаевты Италиямен көп нәрсе байланыстырады, онда тағылымдамадан өткен, итальян тілін үйренген, сол елдің атақты театрларында спектакльдер мен концерттік бағдарламаларда бірнеше рет өнер көрсеткен. - Мен тілді тез меңгеріп алдым, итальяндықтар маған олардың тілінде қалай еркін және сауатты сөйлейсіз деген сұрақ қойғанда, өткен өмірімде итальяндық болғанымды айтып әзілдеймін. Италия – операның отаны екені белгілі, сондықтан bel canto стилінде ән салуды жете зерттегім келетін. Сол аураны, атмосфераны сезіну керемет, кейде маған ол жақта күн де, теңіз де, құс та ән салып, ауасынан ән есіп тұратындай көрінеді. Бұл елдің тұрғындары музыкаға өте бейім, олар қиын туындыларды орындай алады және бұл таңқалдырмай қоймайды. Бірде мен Пезародан Миланға жолға шықтым, пойыз таңғы 5-те болатын, мен вокзалға пойыздың жөнелтілуінен жарты сағат бұрын келдім, төңіректе ешкім көрінбейтін, кенет ән айтқан дауысты құлағым шалды, бұл әйгілі итальяндық ән болатын, маған кәсіби әншінің орындап тұрмағаны белгілі болды, бірақ дыбысталуы бәрібір керемет болды. Бұл кім екен деп қарауға шықсам, еден жуып, шаң сүрте жүріп, осы әнді орындаған 50 жас шамасындағы ер адамды көрдім. Мен шын мәнісінде таңқалдым, - деді Медет Чотабаев. Атақты тенордың жеке концертіне Алматы қаласынан асқақ өнерді бағалаушылардың, сондай-ақ Неаполь қаласында дүниеге келген және Медет Чотабаевтың неаполитандық әндерді орындауын лайықты деңгейде бағалай алатын Қазақстан Республикасындағы Италия Елшісі Паскуале Д’Авиноның концертке келуі жоспарланып отырғаны белгілі. Әншінің жоспарында бұл концертті тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, Қазақстан, Ресей және Италияның басқа да қалаларында ұсыну ойы бар. Музыкалық кештің аясында театрдың дарынды солисі Медет Чотабаевтың шығармашылығына арналған көрме өтетіндігін атап өткен жөн. Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, Алтынғаным Ахметованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының балалар хоры қатысады. Фортепиано партиясын Мәдениет қайраткері Елена Сахно орындайды. Концерттің басталуы сағат 19:00-де.
-->Оған Дж.Россини, Э. Ди Капуа, Р.Фальво, Э. Де Куртис, Ч.Биксио, Ф.П.Тости, Г.Лама, Э.Каннионың неаполитандық әндері мен өзге де туындылар енген, олардың басым көпшілігі Қазақстанда алғаш рет орындалмақ. Концерт идеясы әншіде карантин кезінде туындаған, сол кезде ол өзінің кітапханасынан неаполитандық музыкалық шығармалардың ноталар жинағына кездейсоқ тап болады. - Мен бұл өлеңдердің бәрін жаттап алып, көрермендер назарына ұсынғым келді. Кейде концерттерге келген кезде мен дәл осы туындыны тыңдағым келеді, алайда ол Қазақстанда орындалмайтын болып шығады, сондықтан мен осының бәрін өзіндік неаполитандық музыкалық отшашуға біріктіріп, тыңдармандар үшін сый жасауға бел будым. Аздап толқу үстіндемін, себебі алдыма маңызды міндет қойдым – вокалдық, драматургия тұрғысынан күрделі, жоғары ноталары бар, бірақ сол неаполитандық атмосфераны дәл жеткізетін әлемдік деңгейдегі шығармалармен өнер көрсету. Осылайша, менің ән қоржыным шетелде танымалдыққа ие, бірақ әзірге елімізде аты шыға қоймаған жаңа концерттік нөмірлермен толықпақ. Жеке концерт – бұл емтихан, сондай-ақ көрермендер мен өз-өзіңе есеп беру, ол саған үлкен жауапкершілік артады, сонымен қатар самғау мен мереке сезімін береді, - деп бөлісті Медет Чотабаев. Әнші Қазақстан мен Италияда вокалдан тәлім алған. Ол талай рет халықаралық байқауларда еліміздің беделін асырған. Мәселен, Медет Чотабаев ең үздік вокалдық жарыстардың бірі – Глинка атындағы XXIII халықаралық байқауда (Мәскеу, 2009) жарқын жеңіске жетіп, бірінші жүлде мен «Үздік тенор» арнайы сыйлығын алған. Медет Чотабаев жасаған сахналық бейнелер нәзік сыршылдығы, сезімдердің шынайылығы, ерекше жылулығы және вокалдық партияны кәсіпқойлықпен жеткізуімен өзгешеленеді. Ол – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты (2018), «Қазақстанның жаңа 100 есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы (2018). Медет Чотабаевты Италиямен көп нәрсе байланыстырады, онда тағылымдамадан өткен, итальян тілін үйренген, сол елдің атақты театрларында спектакльдер мен концерттік бағдарламаларда бірнеше рет өнер көрсеткен. - Мен тілді тез меңгеріп алдым, итальяндықтар маған олардың тілінде қалай еркін және сауатты сөйлейсіз деген сұрақ қойғанда, өткен өмірімде итальяндық болғанымды айтып әзілдеймін. Италия – операның отаны екені белгілі, сондықтан bel canto стилінде ән салуды жете зерттегім келетін. Сол аураны, атмосфераны сезіну керемет, кейде маған ол жақта күн де, теңіз де, құс та ән салып, ауасынан ән есіп тұратындай көрінеді. Бұл елдің тұрғындары музыкаға өте бейім, олар қиын туындыларды орындай алады және бұл таңқалдырмай қоймайды. Бірде мен Пезародан Миланға жолға шықтым, пойыз таңғы 5-те болатын, мен вокзалға пойыздың жөнелтілуінен жарты сағат бұрын келдім, төңіректе ешкім көрінбейтін, кенет ән айтқан дауысты құлағым шалды, бұл әйгілі итальяндық ән болатын, маған кәсіби әншінің орындап тұрмағаны белгілі болды, бірақ дыбысталуы бәрібір керемет болды. Бұл кім екен деп қарауға шықсам, еден жуып, шаң сүрте жүріп, осы әнді орындаған 50 жас шамасындағы ер адамды көрдім. Мен шын мәнісінде таңқалдым, - деді Медет Чотабаев. Атақты тенордың жеке концертіне Алматы қаласынан асқақ өнерді бағалаушылардың, сондай-ақ Неаполь қаласында дүниеге келген және Медет Чотабаевтың неаполитандық әндерді орындауын лайықты деңгейде бағалай алатын Қазақстан Республикасындағы Италия Елшісі Паскуале Д’Авиноның концертке келуі жоспарланып отырғаны белгілі. Әншінің жоспарында бұл концертті тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, Қазақстан, Ресей және Италияның басқа да қалаларында ұсыну ойы бар. Музыкалық кештің аясында театрдың дарынды солисі Медет Чотабаевтың шығармашылығына арналған көрме өтетіндігін атап өткен жөн. Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, Алтынғаным Ахметованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының балалар хоры қатысады. Фортепиано партиясын Мәдениет қайраткері Елена Сахно орындайды. Концерттің басталуы сағат 19:00-де.