Елорданың азық-түлік дүкендерінде санитарлық нормалар сақтала ма
Бүгін қалалық әкімдіктің мобильдік тобы санитарлық қызметтің мамандарымен және полицейлермен бірлесіп, 8 азық-түлік нысанына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Қаланың Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысовтың айтуынша, біраз нысанда санитарлық нормалардың бұзылуы анықталған. «Бүгін Байқоңыр ауданындағы дүкендер мен шағын маркеттерге мониторинг жүргізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық әкімдіктің өкілдері, сондай-ақ, Байқоңыр ауданының полиция және санитарлық-эпидемиялық қызметтің мамандары қатысты. Мониторинг барысында бірқатар кемшілік пен санитарлық норманы сақтамау анықталды. Атап айтқанда, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілердің болмауы, сатып алушылардың сауда нысандарына маскасыз баруы жиі кездеседі. Сол сияқты өнімдердің сыртындағы қаптама дүкендердің бәрінде бірдей бола бермейді», - деп атап өтті Руслан Ыдырысов.
-->Бүгін қалалық әкімдіктің мобильдік тобы санитарлық қызметтің мамандарымен және полицейлермен бірлесіп, 8 азық-түлік нысанына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Қаланың Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысовтың айтуынша, біраз нысанда санитарлық нормалардың бұзылуы анықталған. «Бүгін Байқоңыр ауданындағы дүкендер мен шағын маркеттерге мониторинг жүргізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық әкімдіктің өкілдері, сондай-ақ, Байқоңыр ауданының полиция және санитарлық-эпидемиялық қызметтің мамандары қатысты. Мониторинг барысында бірқатар кемшілік пен санитарлық норманы сақтамау анықталды. Атап айтқанда, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілердің болмауы, сатып алушылардың сауда нысандарына маскасыз баруы жиі кездеседі. Сол сияқты өнімдердің сыртындағы қаптама дүкендердің бәрінде бірдей бола бермейді», - деп атап өтті Руслан Ыдырысов.