Елорда жаңалықтары

Елімізде 1 қыркүйектен бері 825 оқушыдан COVID-19 инфекциясы анықталды

«Біз оқушылар арасында инфекцияның жұқтыру көрсеткіші бойынша күнделікті мониторинг жүргізіп отырамыз. Оқу жылының басынан бері 825 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 261 жағдай, ал қашықтан оқитын балалар арасында 564 жағдай тіркелді», - дейді вице-министр.

Сөзін жалғай отырып, COVID-19 инфекциясы көбірек анықталған өңірлерге тоқталып өтті. «Соңғы аптада тоғыз өңірде кезекші сыныптардағы оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында (32), Павлодар облысында (12), Батыс Қазақстан облысында (5) анықталды. Қалған өңірлерде бірлі-жарым жағдай тіркелген», - деді ол. Онлайн брифинг барысында Ерлан Қиясов шектеу шаралары енгізілгелі бері шетелден келген 196 мың адамның ішінде 364 коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлім етті.

--> «Біз оқушылар арасында инфекцияның жұқтыру көрсеткіші бойынша күнделікті мониторинг жүргізіп отырамыз. Оқу жылының басынан бері 825 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 261 жағдай, ал қашықтан оқитын балалар арасында 564 жағдай тіркелді», - дейді вице-министр.