"SCAT" әуе кемесімен болған авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілуде
"SCAT" әуе компаниясының әуе кемесімен болған авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ Азаматтық авиациялық комитет баспасөз қызметінің сілтеме жасап.
10 қараша күні Атырау уақытымен сағат 22-00-де "SCAT" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы DV-766 рейсін орындау барысында әуеге көтерілу кезінде алдын ала мәліметтер бойынша құстардың соқтығысуынан сол жақ қозғалтқыш зақымданған. Әуе кемесі әуежайға қайтып келіп, штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары Атырау қаласының әуежайында SCAT әуе компаниясының техникалық қызметкерлерімен бірлесіп авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауда.
-->"SCAT" әуе компаниясының әуе кемесімен болған авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ Азаматтық авиациялық комитет баспасөз қызметінің сілтеме жасап.