Елорда жаңалықтары

Бірқатар микроқаржы ұйымы белгіленген мерзімде есептік тіркеуден өтпеген – агенттік

Осы ретте жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға азаматтарға қарыз түрінде ақша беруге тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып саналады. «Бұл тыйым салу Азаматтық кодекстің 715-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар мен микрокредиттер, жұмыс берушінің өз жұмыскеріне, бұрын осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған зейнеткерге қарыз, сондай-ақ заңды тұлғаның өз құрылтайшысына (акционеріне, қатысушысына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлғалар (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда) 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік қайта тіркеуге жатады», - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан ақпаратта. Агенттіктің мәліметінше, Заңның 4-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес есептік тіркеуге жатады. Сонымен қатар Заңның 4-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар сақталмай, қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жалғастырылған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сотқа көрсетілген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою беруге құқылы. «Бүгінде белгіленген мерзімге дейін есептік тіркеуден өтпеген және микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде тіркелген бірқатар заңды тұлғалар, сондай-ақ Заңның 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген заңды тұлғалар бар», - делінген ақпаратта.

-->